Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Салмағым 95 келіге жетті": Зарина Омарова күйеуі оның толықтығы үшін ұялатынын жасырмады

Танымал әнші Зарина Омарова алғаш рет күйеуіне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі декрет демалысында қатты салмақ қосқанын “Мамский әңгіме” подкастында жасырмады. 

“Мен баламен үйде отырғанда Ақтөбе қаласында тұрдық. Күйеуім сол жақта жұмыс істеді. Бір күні қонаққа бардық. Маған ақша беріп, әдемі көйлек алуымды өтінді. Өзіме ұнайтын көйлек таппадым. Ұнатқан көйлектерім сыймай қалды. Ол кезде салмағым 95 келі болатын. Содан шақырған жерге бардық. Қара көйлек киіп бардым. Кілең бастықтар шақырылған және әйелдерімен жүр. Үйде отырған әйел бәрібір интернеттен неше түрлісін оқып отырса да, практика жүзінде басқаша көрінеді. Ол жақтағы әйелдердің шаш үлгісіне дейін ерекше көрінді. Бір кезде кісілер бірдеңе айтып, мені меңзегендей күлді. Күйеуім, маған қарап, “ана жаққа барып тұршы” деді. 20 минут өткеннен кейін, жүргізушіні шақырып үйге кетіп қалдым. Күйеуімді кінәлаған жоқпын. Өзімді жазғырып, таңға дейін жыладым. Түнгі 3-те отырыстан күйеуім келгенде, бәрін айттым. “8 ай үйде отырмын. Енді мен сахнаға шығамын. Өзіме қарап, әдемі болғым келеді” деп жыладым. Ол да түсінгендей болып, мені жұбатуға тырысты. Сол оқиғадан кейін өмірім күрт өзгерді”, – деп бастады әңгімесін әнші. 



Эстрада жұлдызының сөзінше, салмақ тастау үшін күйеуімен бәстескен. 

“Содан жолдасыммен бәстесіп, салмақ тастаймын деп шешім қабылдадым. Мен “арықтап, өзімнің қалпыма келемін, сен маған ақша бересің және сахнаға шығарасың” дедім. Ол берген уәдесінде тұрып, қалаған дүниемді сатып алып берді. Финтнес клубқа жазылдым. Тіпті диетаның тамағын істейтін ас үй техникасына дейін дайындап берді. Алты ай бойы тек салмақ тастаумен күрестім. Нәтижесінде 56 өлшемнен 44 өлшемді киім киетін салмақ тастадым. Жолдасымның содан кейін көзқарасы өзгеріп, сахнаға дайындады. Сол кездегі мықты режиссерлермен клип түсірдік. Ұзақ уақыт жоғалып кеткеннен кейін, бір-ақ сәтте жарқ еттім”, – деді өнер иесі.  

Еске салайық, Илья Ильин әнші Зарина Омаровамен махаббат хикаясының болғанын растаған еді. 

Талқылау