Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиевтың келіншегі төртінші перзентіне жүкті болып шықты (видео)

40-қа келіп тоқтап қалмаймыз, 7 баланың әкесі атансам деймін! 2017 жылдың қыркүйек айында Stan.kz тілшісіне сұхбат берген Сәкен Майғазиев дәл осылай деп жар салған еді. Екінші және үшінші перзентін Жаратқаннан тілеп алған әнші қырықтың қырқасына шықса да, тағы бір мәрте әке атанудан үмітті екенін жеткізген-ді.

Оған қоса, Сәкен желідегі оқырмандарынан: “Менің келіншегім тағы да ұл тапсын деп тілеңіздерші”, – деп сұранған болатын. Көптің тілеуі қабыл болған ұқсайды. Әншінің жары Динара Асылханқызы төртінші перзентіне жүкті болып шықты. Бұл туралы Майғазиев Hit-TV арнасына берген сұхбатында айтқан.

“Алла бұйыртып, батылдық танытып, бағдарламаны пайдаланып Сәкен ағамыздың үйіндегі Динара жеңгеміздің 4-ші перзентке аяғы ауыр екенін бірінші боп халықтан сүйінші сұрау мәртебесі маған бұйырғанына өте қуаныштымын!” – деп бөлісті бағдарлама жүргізуішісі Нұржан Аташ.

Айта кетейік, Сәкен Майғазиевтің Әділет, Райана және Мәриям есімді үш перзенті бар.

Жіберіп алмаңыз:

Карина Абдуллина Байбекпен бір мектепте оқыған жылдарын еске алды

“Қалаулым” бағдарламасын жақтаған Қарақат Әбілдина сынға ұшырады

Асхат Садырбай алғаш рет бірінші отбасы мен ұлы жайлы айтты

Тойда би жарысқа қатысып, жеңіп шыққан Әуелбекова желіні шулатты (видео)

 

Талқылау