Сәкен Бибосынов халықаралық жарыстың финалына өтті
Сәкен Бибосынов Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогының" финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

51 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов пен Таиланд спортшысы Танарат Саенгфет жартылай финалда жұдырықтасты. Таиланд спортшысы 2021 жылы әлем чемпионатында қола медаль жеңсе, ал Бибосынов чемпион атанған.
Отандасымыз төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Сондай-ақ екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.
Айта кетейік, жартылай финалда 57 келі салмақ дәрежесінде Серік Теміржанов пен Махмұд Сабырхан финалға жолдама алу үшін жұдырықтасады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

