Сәкен Бибосынов "Елорда кубогінің" финалына шықты
Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогінде" қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жарыстың финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
2021 жылғы әлем чемпионы Сәкен Бибосынов "Елорда кубогі" турнирінің алтын жүлдесі үшін жұдырықтасады. 51 келіде өнер көрсететін отандасымыз жартылай финалда жапониялық боксшы Макино Соушиге қарсы жұдырықтасып, 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Сәкен бұған дейін өзбекстандық Мұхаммедқадыр Мамыржоновты да айқын басымдықпен ұтқан еді. Енді ол финалда тағы бір қазақстандық боксшы Дамир Әбдіқадырға қарсы жекпе-жекке шығады.
Айта кетейік, бұған дейін олимпиада жолдамасының иегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Айбек Оралбай "Елорда кубогінің" финалында жолығуы мүмкін екенін жаздық. Бүгін спортшылар жартылай финалдық кездесулерін өткізеді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

