Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елорда кубогі: Қамшыбек Қоңқабаев пен Айбек Оралбай бір салмақта өнер көрсетіп жатыр

Қамшыбек Қоңқабаев пен Айбек Оралбай Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогінде" бір салмақта өнер көрсетіп, кезекті жеңістеріне қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚБФ

Олимпиада жолдамасының иегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Айбек Оралбай "Елорда кубогінің" финалында жолығуы мүмкін. Алғашқы айналымында нокаутпен жеңіске жеткен Қоңқабаев екінші кезеңде де ирандық Сафари Роузбехтан басым түсті. Ал жаңа салмақта сынға түсіп көруді көздеген Айбек Оралбай алғашқы кездесуінде Нұрлан Сапарбайды жеңіп, екінші кезеңге өтті. Енді ол екінші жекпе-жегін Олжас Бұқаев пен әзірбайжандық Махаммад Абдуллаев арасындағы жұптың жеңімпазымен өткізсе, Қамшыбек үнді боксшысы мен Сапарбай Даниал арасындағы жұптың жеңімпазымен жолығады. Екеуі де жеңіске жетсе, финалда өзара мықтыны анықтайды. 

Айта кетейік, бүгін шаршы алаңға кезекті жекпе-жектерін өткізу үшін Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан және Асланбек Шымбергенов шығады.   

Талқылау