Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сақалды әйел бетін қырудан бас тарту себебін түсіндірді

Сақалды америкалық Лара Перкинс өзін бар қалпымен жақсы көретіндіктен, бетіндегі түкті қырудан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Калифорния тұрғынының айтуынша, 12 жасында аналық бездің поликистоздық синдромы (бұл – репродуктивті жастағы әйелдерде семіздік, безеу тудыратын, қант диабетінің даму қаупін арттыратын, сондай-ақ хирсутизмді тудыратын эндокриндік ауру – ерлер сияқты патологиялық шаш өсуі) анықталған. 

Бұл ауру Лараның сыртқы келбетінің өзгеруіне әкелді, соның салдарынан  басқалардың мазағына ұшырады.

“Сен кімсің?" деп сұрағаннан ауыр ештеңе жоқ", – дейді Перкинс.

40 жастағы әйел эпиляция процедураларынан, соның ішінде лазерлік және балауыз эпиляциясынан және қырынудан бас тартқанын атап өтті. Ол өз денесіне одан әрі зиян келтіргісі келмеген.

"Мен ешқашан біржола жойылмайтын нәрсені алуға тырысып, өзім үшін жаңа проблемалар туғызуғым келмейді, өз бетімді және терімді өте жақсы көремін. Мен басқалардың айтқанына қарамастан өзімді қабылдауды үйрендім. Басқаларға үлгі болғым келеді", – деді Перкинс.

Ол сақалы бар әйелдерге қолдау көрсету үшін "Иә, мен қызбын" деген ұранмен киім брендін құрған.

Талқылау