Сағынтаев: Келесі жылы коронавирустың жаңа мутациясы пайда болады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев осы уақытқа дейін коронавирустың мутациясы әлі де жалғасытынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әкім вирустан құтылу мүмкін емес екенін айтты. Оның сөзінше, қазіргі таңда вакцина салдырудан басқа амал жоқ.
"Бір жыл өтсе де, әлі шешімін тапқан жоқпыз. Локдаун, карантин енгізіп, қалаларды, елді жапсақ та, вирус кеткен жоқ. Бәрін өттік. Қазір британдық және оңтүстікафрикалық штамдары пайда болып жатыр. Ендігі уақытта, келер жылдары жаңа мутацияланған түрі пайда болуы мүмкін. Менің түсінігімде, вирус ешқайда қашып кетпейді. Вакцинадан басқа шешім жоқ екенін көріп отырмыз", - дейді Сағынтаев.
Оған қоса, әкім алдағы уақытта қазақстанда бірнеше вакцина қол жетімді болатынын айтты.
"Вакцинация ақысыз болады, мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінеді. Қазір бізде ресейлік Sputnik V вакцинасы бар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, біз әлі күнге дейін қытайлық SinoVac вакцинасының келуін күтудеміз. Сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсан айында екі мыңнан астам ерікті отандық QazVac вакцинасымен егілді. Сәуір айының аяғында біз алты мың дозаға дейін аламыз деп жоспарлап отырмыз. Содан кейін халықтың өзі қай вакцинаны егетінін өзі таңдайды", - деп жауап берді Сағынтаев.