Сағынтаев алматылықтарға мәлімдеме жасады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 16 ақпанда жауған қалың қарға байланысты қала тұрғындарын сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қала әкімі өзінің Instagram парақшасында жариялады.
"Құрметті алматылықтар! Жауған қалың қар өте сақ болуды талап етеді. Қар жамылғысының биіктігі қаланың жоғарғы бөлігінде — 15 см, таулы аймақта — 25 см-ден асты. Сілбі қар ағаштарды құлатқан. Құлаған кейбір ағаштың бұтақтары көлікке тиген. Таңертең қаланы аралап шықтым. Көшелерді, аялдамаларды қардан тазалау бойынша және тайғаққа қарсы барлық қажетті шаралар қолға алынуда. Жол бойында 600 бірлік техника мен 1700 жұмысшы қызмет етуде", - деп жазыпты Сағынтаев.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған