"Сағатына 140 км": 8 жастағы бала көлікті ұрлап, қатты жылдамдықпен айдап кеткен
8 жастағы бала көлікті ұрлап, қатты жылдамдықпен айдап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Independent басылымына сілтеме жасап.

50 минуттан кейін мамандар кішкентай қашқынды тауып алған. Ол көлікті тұраққа қойып, апатты байқататын шамдарды қосып, апатты жағдайда қойылатын белгіні шығарыпты.
"Мен кішкене қыдырайын дегенмін", - дейді бала.
Оның жолға шығып, қатты жылдамдықта жүргені белгілі болды. Көлік сағатына 140 киллометр жылдамдықпен жүрген кезде оның мазасы қашып, көлікті тоқтатқан. Оқиғада зардап шеккендер жоқ.
Баланың анасы ұлының үнемі картингте және "Автодром" деп аталатын әткеншектерде ойнайтынын айтты. Оқиғаға дейін балаға есіктің алдында көлік айдауға рұқсат берілген.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?