Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы әкесі туралы фильм түсіріп елді жылатты (видео)
Асылжан Әбдімүтәлиев "Әке жолы" атты фильм түсірді. Жас режиссердің алғашқы туындысы әкесіз өскен балалар туралы. Фильмді тамашалағандар көз жасына ерік берді. Сәбит Әбдіхалықов ұлының жұмысын жоғары бағалады.
Көпшілік Сәбит Әбдіхалықовтың ұлының жұмысын жоғары бағалады. Фильмді жыламай көру мүмкін емес деген пікір айтты.
Асылжан Әбдімүтәлиев Сәбит Әбдіхалықов пен актриса Айгүл Иманбаеваның ұлы. Өнер өкілдері ажырасып кеткелі біршама уақыт болды. Асылжан фильмде араласпай кеткен әкесімен қалай танысқанын, оған жақындау үшін жасаған 7 қадамын айтты. Өзінің жан сырын ақтара отырып әкесіз өскен балалардың тағдырын баяндайды.
Фильмді көрген көрермен Асылжанның еңбекқорлығын айтып, жақсы пікір жазды. Көпшілігі анасына алғыс айтты.
"Осында ұл тәрбиелегеніңізге рахмет", "Қандай болса да әке болып қала береді", "Әкесіз өскен балалар өмірді ерте түсінеді, ерте есейеді", "Әкенің қадірі жездедей-ақ", "Айгүл ханым, ұлыңызға берген тәрбиеңіз үшін, әкесімен аралатырғаныңыз үшін, әкең жаман дегізбегеніңіз үшін рахмет", "Жаман күйеу болса да, жаман әке болмайды", деп жазды олар.