Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Руслан Жанпейісов бір жылға бас бостандығынан айырылды

Белсенді Руслан Жанпейісов (шын аты Бейбарыс Райымбеков) бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қоғам қайраткері Руслан Жанпейісовке қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкім 30 шілдеде шығарылды. Райымбеков жәбірленушіге орташа ауырлықтағы дене жарақатын қасақана келтіргені, сондай-ақ билік өкілін қорлағаны және телекоммуникация желісінде бейнежазба таратқаны үшін кінәлі деп танылды.

Жинақталған қылмыстық құқық бұзушылықтың негізінде ол қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтейді, осылайша бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сот талапкер-жәбірленушілердің талап арыздарын қанағаттандырып, Бейбарыс Райымбековтен 550 мың теңге өндіріп алды.

"Сот істі қарау кезінде сотталған адамның аэрозольді бұрышпен зарядталған тапанша түріндегі аэрозольді құрылғыны қолдана отырып, жәбірленушінің көз аймағына оқ атқанын, нәтижесінде екі көз химиялық күйік алған, бұл көру өткірлігінің төмендеуіне әкеп соқтырғанын анықтады. Сонымен қатар, ол қоғамдық орында өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкері К.-ны көпшілік алдында қорлады және көпшілікке қолжетімді интернет-арнаға бейнежазба жариялады", - делінген хабарламада.

Райымбеков қасақана дене жарақатын келтіргенін мойындамағаны атап өтілді. Сот осы фактіні, сондай-ақ ер адамның бұрын бірнеше рет заңға қарсы әрекеттері болғанын ескерді.

"Сот сотталушы мен оның адвокатының жәбірленушіге аса қажеттілік шегінде оқ атқаны және оған қатысты жәбірленуші тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны туралы дәлелдерін назарға алмады.

Осы және басқа да тұжырымдар сотта зерттеу тақырыбы болды және жәбірленушінің, куәгердің айғақтарымен, бейнежазбамен, сот сараптамаларының қорытындыларымен теріске шығарылды", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, осы жылдың сәуір айында Руслан Жанпейісов әкімшілік құқық бұзушылық үшін 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, Кейін қамауға алу мерзімі 40 күнге дейін ұзартылғаны белгілі болды.

Белсенді бостандыққа шыққан соң полиция қызметкерлерін видеоға түсірмеуге уәде берді.

Талқылау