Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Рымбаева: Ренжіскен адаммен араласпай кетемін, өйткені жүректе қалады

Әнші Роза Рымбаева өзін ренжіткен адаммен қайта араласқысы келмейтінін жасырмады. Десе де, өзі үшін адамның өз қатесін мойындағаны жеткілікті екеніне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Роза РымбаеваСурет: instagram.com/aliokapov/?hl=ru

«Ренжіскен адамыммен араласпай кетемін. Мүлдем араласпауға тырысамын. Кешіріп, анда-санда сәлемдесіп жүргенмен, жүрегіңде қалады. Оған бұрынғыдай емес, басқа көзқараспен қарайсың. Мәселе ол адамның алдыма келіп жығылып, кешірім сұрағанында емес. Егер ол адам өз қатесін түсінсе, маған сол жеткілікті», - дейді халық әртісі. 

Әрі қарай Роза Қуанышқызы жасы келгендіктен, жарнамаларға түсіп, Instagram желісінде аса белсенді болуды ұнатпайтынын жеткізді. 

«Менің сахнаға шығуға ойым мен тәжірибем бар. Сонымен қатар, тыныштықты да жақсы көремін. Табиғат аясында тыныш қана демалып, жақсы көретін кітаптарымды оқып, концерт, хабарларымды көріп, тыныштықта өмір сүргім келеді», - деді жұлдыз. 

Естеріңізге сала кетсек, Мәди Рымбаев өзі сүйген қыздың соңынан 5 жыл бойы жүгіргенін айтқан болатын

Талқылау