Роза Әлқожа неге ауруханаға түсті? Күйеуі айтып берді
Роза Әлқожаның неге ауруханаға түскенін әншінің күйеуі Stan.kz тілшісіне айтып берді.

Белгілі өнер иесінің күйеуі Айдын Қаба әйелінің неге ауруханаға түскенін түсіндірген. Оның айтуынша Роза Әлқожаға суық тиіп, қатты ыстықтан әншінің жағдайы нашарлап кеткен. Ән сапарда жүрген өнер иесі науқас екеніне мән бермегендіктен, осындай жағдай орын алды дейді ол.
"Ән сапармен Қарағандыда жүрген болатын. Суық тиіп қалған көрінеді. Күн ыстық болғандықтан суық су ішіп қойған. Жөтелі ыстықта асқынып кеткен көрінеді. Қазір жағдайы жақсы", - дейді әншінің күйеуі.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қарағандыда жүрген Роза Әлқожаның ауруханаға түсіп қалғаны белгілі болған. Мұны білген әншінің тыңдармандары өнер иесінің денсаулығына алаңдаған.
"Ата-анама сөз тигеннен кейін болды": Роза Әлқожа сахнаға шықпаймын деп шешім қабылдағанын айтты >>>
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды