Роза Әлқожа 40 жасын дүркіретіп атап өтті (видео)
40 жасқа толған Роза Әлқожа дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ Роза Әлқожаның тұңғыш ұлы Бейбарыс Қаба анасына тосынсый жасап, ән арнады. Мұндайды күтпесе керек, Роза Әлқожа жылап қалды.
"Қырық деген қамал алар жасқа да жеттік. Туған күнді тойлау керек. Әр күнді тойлау керек, тіпті!
Өйткені бейнетпен өткен бар ғұмырдың сен аялдамаған бір уақыты, сен сезінбеген бір бақыты болуы мүмкін! Қазақияның бар түкпірінен жеткен жақындарымның аман келіп, сау кеткенін тіледім.
Тойға үш адам кешігіп келді. Шешем, Әбді-жаппар, Бейбарыс.
Барлығы жиналған. Музыкант шақырмаппыз. Соған байланысты жарты сағатта жүйке сыр бере бастады.
Сөйтсем, бұл екеуі ән жаздырып, тосынсый жасап жүр екен! Тойдың таңғажайыптарын әлі сіңіре алмай жатырмын.
Алты баланың үлкенімін ғой. Ағамның алты баласына да алаңдап келгенмін.Бауырлардың атынан алғыс секілді айтылған мына әнді қайта-қайта тыңдап жылап қаламын", – деп бөлісті Роза Әлқожа.
Мейрамбек Бесбаев, Ғазизхан Шекербеков сынды өнер иелері той қонақтарының қатарынан табылды.
"АҚШ-та үндемей қалу сыпайылық емес, сенімсіздік": Bloomberg-те жұмыс істейтін қазақ қызы Америкадағы өмірі туралы