Роналду коронавирус жұқтырды
Танымал футболшы Криштиану Роналду коронавирусты жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Португалия ұлттық құрамасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Роналдудың COVID-19 сынамасы оң нәтиже берді. Енді ол Швеция құрамасымен Ұлттар лигасында ойнай алмайтын болды.
Шабуылшының ауруы асимптоматикалық болып саналады, ол қазірдің өзінде командадан оқшауланған.
Бұған дейін Португалия құрамасында инфекцияның жағдайы анықталған болатын. Науқастың аты-жөні айтылған жоқ. Инфекция басқа футболшыларда анықталмады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған