Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 11 бала бассейнде уланды: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 23 қыркүйек күні "Aquastars" спорт-сауықтыру кешенінен 11 бала ауруханаға жеткізілгенін растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бассейн қызметкерлері бір апта бұрын суды хлорлаудың жаңа аппараты орнатылғанын жеткізді. Дәл осы аппарат кенеттен істен шығып, хлор бассейн суына ағып кеткен", – деп атап көрсетті санитарлар.

Мамандар бассейндегі суды талдауға алды. Сондай-ақ ауадағы хлордың мөлшеріне де зерттеу жасалады.

Бассейн әкімшілігі суды тазартудың автоматтандырылған жүйесі жұмысында ақау болғанын айтады. 

"Бізде суды хлормен автоматты дезинфекциялау жүйесі істен шықты. Сол кезде синхронды жүзумен айналысатын қыздар тобы суда сабақ өткізіп жатқан. Бассейнде 17 адам болды, 5-10 минут ішінде жаттықтырушылар хлордың иісін сезген. Балаларды бірден судан шығарып, олар жөтеле бастағандықтан жедел жәрдем шақырылды. Жеті баланы дәрігерлер тексеріп, ата-анасымен үйіне жіберді, ал қалған 10 қыз ауруханаға жеткізілді. 11-қыз топта оқымайды, бірақ зардап шеккендердің бірінің әпкесі және ол бірге келген. Олармен ауруханаған бапкер барған, ол "жеті баланың жағдайы орташа ауыр, тағы үшеуінің жағдайы жеңіл" екенін айтты", – деді бассейн желісінің менеджері Әлішер Нұрғожаев. 

Сондай-ақ ол дезинфекция жүйесіндегі ақау дереу анықталып, жойылғанын айтты. Әкімшілік мәліметінше, санитарлық қызмет кеше осы бассейнге тексеру жүргізген және ешқандай заңбұзушылық анықталмаған. Бассейн басшылығы барлық орталықтағы жабдықты тексеретінін айтты.

Бұған дейін Алматыда қалалық бассейндердің бірінде 11 бала хлор буымен уланғанын хабарлаған болатынбыз. 

Талқылау