ШҚО-да 3 баланың анасы із-түзсіз жоғалып кетті
Туыстары 37 жастағы Любовь Магомадованы соңғы рет 14 ақпанда көріпті. Полиция мәліметінше, сол күні Любовь Евгеньевна өз үйінен шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Ал оның қайда бағыт алғанын ешкім білмейтін болып шықты.

Бұл туралы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жоғалып кеткен әйелдің туыстары ІІБ қалалық бөліміне шағымданыпты. Қылмыстық полици қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Тәртіп сақшылары Любовь Магомадованы көрген немесе ол туралы қандай да бір мәлімет білетін адамдардан 102 немесе +7-777-851-18-50 нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды.
Любовь Магомадова – орта денелі, бойы 160-165 сантиметр, көк көзді әйел. Жоғалып кеткен күні көк күрте, қара белдемше киген және сұр шәлі таққан. Аяғында қоңыр түсті қысқа қонышты етік болған.
Оқи отырыңыз:
Сал ауруына шалдыққан 12 жасар қыздың өлеңі елді жылатты (видео)
Қазақ жазушысының немересі: Қазақтар британдықтарға қарағанда шыншыл
"Таза қазақша сөйлегім келеді": Парижде тұратын француз қызы қазақ тілін үйреніп, мәдениетін дәріптеп жүр
Элиз әлеуметтік желі арқылы қазақ тілін үйреніп алған
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған