Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Республика күні қарсаңында 500 оқушы бір мезетте Мұқағали жырларын оқып, рекорд орнатты

Оқушылар Мұқағали

Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы күні және Түркістан қаласының күніне орай, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі бастамасы негізінде Түркістан қаласында ауқымды рухани-патриоттық акция өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бүгін "Түркістан Арена" стадионы ұлттық рух пен поэзияның нағыз ордасына айналды. Қазақ поэзиясының мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған "Бір қала – бір кітап – бір рух" атты мерекелік челлендж аясында қала мектептерінің 500 озат оқушысы бір мезетте ақын өлеңдерін оқып, ерекше тарихи рекорд орнатты.

Оқушылар Мұқағали (1) (1)

Жас ұрпақтың бір ауыздан жыр төгуі – ұлттық құндылықтар мен ана тіліміздің құдіретін, сондай-ақ өскелең ұрпақтың әдебиетке деген зор құрметін айқын көрсетті.

Оқушылар Мұқағали (1)

Аталмыш шара, Мемлекет басшысының Жарлығы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кітап оқуды дәріптеуге бағытталған үндеуі аясында жүзеге асырылып отыр. Жобаның негізгі мақсаты – жастар арасында кітап оқуды танымал ету, кітапқа құмар, көкірегі ояу, зерделі де жасампаз ұлт қалыптастыру.

Оқушылар Мұқағали (1) (1) (1)

Түркістан жастары бұл тарихи қадамдары арқылы тек рекорд орнатып қана қоймай, Түркі әлемінің рухани астанасынан бүкіл Қазақстан халқына зор рухани серпіліс пен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
 

Айым Болатқызы
Жұма, 23 Қазан, 2026 11:42