Ресейліктер енді Iphone ұстамайды: Apple компаниясы санкцияларға қосылды
Apple компаниясы Ресейге қарсы санкцияларға қосылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: РИА Новости/Евгений Биятов
Өндіруші Ресейде телефон, ноутбук пен өзге де техниканың сатылымын тоқтатты. Сондай-ақ Apple Pay мен тағы бірнеше сервистің жұмысына шектеу қойылады.
Одан бөлек, Nike спорттық компаниясы мен iHerb онлайн дүкені тауар әкелуді тоқтатады. Бұған дейін Warner Brothers, Sony Pictures пен Walt Disney кино өндірушілер Ресейге қарсы санкцияларға қосылған еді.
Бұған дейін, АҚШ президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа шаралар қолдануға уәде берген еді.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық лазерлік эпиляциядан рак жасушаларын оятып алғанын айтты: Мұндай жағдай болуы мүмкін бе
Дәрігер: "Лазер термиялық зақым келтіріп, кейде күйдіруі мүмкін"