Ресейлік кәсіпкер зардап шеккен мақтааралдықтарға 5 млн доллардан астам қаражат аударды
Ресейлік кәсіпкер Әлішер Усманов Мақтаарал аймағында болған су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 5 миллион 202 мың АҚШ долларын аударды.
Кәсіпкер 5 миллион 202 мың АҚШ долларын Түркістан корпоративтік әлеуметтік даму қорының есебіне аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл қаражат зардап шеккен 5202 отбасының жеке шотына аударылады.
Forbes журналының мәліметі бойынша, Әлішер Усмановтың байлығы 13,4 миллиард долларды құрады. Ол Ресейдің ең бай кәсіпкерлері рейтингінде жетінші орында тұр. Әлішер Усманов - ресейлік кәсіпкер және өзбек тектегі меценат, миллиардер, USM Holdings негізін қалаушы. Бизнестен басқа, ол Ресейдегі қоғамдық жұмыстарға және спорттың дамуына назар аударады.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ