Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде орыс тілін білмейтін мигранттардың балаларына мектептерде оқуға тыйым салынбақ

Ресейде орыс тілін білмейтін мигранттардың балаларына мектептерде оқуға тыйым салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке қатысты түзетулер жобасы әзірленгенін мәлімдеді.

Заң жобасы қабылданған жағдайда жыл соңына дейін заңсыз көші-қонмен күресу үшін 13 заң күшіне енбек.

Қаулы аясында депутаттар Ресей үкіметіне еңбек көші-қоны және мигранттармен бірге келген отбасылар бойынша ұсыныстар жолдамақ.

Қаулы жобасында мигранттардың балаларын мектепке қабылдау кезінде олардың Ресей аумағында болу заңдылығын және орыс тілін білу деңгейін тексеру қажет деген ұсыныс бар.

Сондай-ақ білім беру ұйымдарына орыс тілін білетінін растайтын құжатсыз қабылдауға тыйым салу жоспарланып отыр.

"Біз құқық қорғау саласындағы қажет қадамдарды талдадық және шешілуі тиіс проблемалық мәселелерге назар аудардық", – деді Вячеслав Володин.

Талқылау