Ресейде омикрон штамы анықталды
Ресейде коронавирус инфекциясының омикрон штамын жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Оң ПТР сынағы бар екі науқаста омикрон штамы расталды", - деді ведомствода.
Барлығы Оңтүстік Африкадан ұшып келген 10 адамнан COVID-19 табылған. Штамдар әлі де анықталуда.
Таиландта коронавирустың омикрон штамының алғашқы жағдайы анықталды. 26 қарашада Оңтүстік Африкада коронавирустың B.1.1.529 деп аталатын жаңа мутациясы табылғаны белгілі болды, соған байланысты ДДҰ шұғыл кеңес шақырды.
Кейінірек Оңтүстік Африкадан келген жаңа COVID-19 штамына атау берілді - ол ресми түрде грек әрпімен "омикрон" деп аталды. Дүниежүзілік медицина қауымдастығының (WMA) басшысы Франк Ульрих Монтгомери COVID-19 омикрондық штамның қаупін Эбола вирусының қауіптілігімен салыстырды.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен