Әйел дәрігерлердің кесірінен өзгенің баласын өмірге әкелді
Ресейдің Челябі облысының тұрғыны экстракорпоральды ұрықтандыру кезінде дәрігерлердің салғырттығынан өзгенің баласын өмірге әкелді.

Оляның айтуынша, ол бұл процедураны 2018 жылы Челябинск қаласының перинаталдық орталығында бастап, жеті айдан кейін балалы болды. Әйел ұлының медициналық картасынан оның екінші қан тобына жататынын оқыған. (Оның өзі үшінші, ал күйеуі бірінші қан тобында). Алайда дәрігерлер өз қателіктерін мойындамай, мұндай жағдай жиі болатынын айтқан.
Біраз уақыттан кейін Оля ДНҚ сараптамасын өткізуге шешім қабылдады. Тексеру нәтижесінде күйеуі екеуінің баланың биологиялық ата-анасы емес екенін білді. Нәтижесінде әйел ауруханадан төрт миллион рубль көлемінде (23 миллион теңге) өтемақы алды. Қазіргі уақытта ресейлік әйел баланың өз анасын және өз баласын табуға тырысуда.
Туыстары қыз баланы джинсы шалбар кигені үшін өлімші етіп сабаған
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"