Ресей мен АҚШ арасындағы ядролық соғыстың салдарына қатысты болжам жасалды
Ратгерск университетінің ғалымдары Ресей мен АҚШ арасындағы ядролық соғыстың салдары қандай болатынына қатысты болжам жасады. Олардың мәліметіне сәйкес, соғыс Жердегі адамдардың үштен екісі немесе 5 миллиард адамның өмірін жалмап, артынша аштық орын алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Plus-one басылымына сілтеме жасап.
Компьютерлік моделдеу негізінде ғалымдар АҚШ және Ресейдің одақтастары арасындағы соғыс кезінде әлемдегі ядролық қару қорының 90%-ы қолданылатынын анықтады. Нәтижесінде атмосфераға 165 миллион тонна күл тарап, планетада ядрлық қыс басталады.
Көміртек бөлшектері Жер бетін жауып, стратосфера қызғандықтан озон қабаты бұзылады. Бұл қауіпті ультракүлгін сәулеленудің артуына әкеп соғып, егістіктің өсуіне кері әсер етеді.
Ядролық бомбалардың жарылуынан 360 миллион адам көз жұмады. Ал 5 миллиард адам апаттан кейінгі аштықтан ажал құшуы мүмкін.
Жаңа климаттық модель ғалымдарға ядролық жанжалдың жүгері, күріш және бұдай мен бұршақ өсіміне қалай әсер ететінін білуге мүмкіндік берді. Соғыстан соң дақыл өсіру 3-4 жылда 90%-ға қысқарады. Ал бұл Ресей мен АҚШ сынды ірі экспортшылар үшін зиянын тигізеді.
Зерттеу авторларының бірі профессор Алан Робок ғалымдардың ядролық соғыстың салдары жайлы жеткілікті ақпарат жинаған атап өтті. Сөзінше, кез келген соғыс ғаламдық астық қорын жойып, миллиардтаған адамның ажалына әкеліп соғады.