Ресей Қазақстандағы орыс тілінің қолданылу деңгейін анықтамақ
Ресей Қазақстандағы орыс тілін білу деңгейін анықтамақ. Бұл "Шетелде орыс тілін қолдау және ілгерілету" мемлекеттік бағдарламасының тиімділігіне қатысты социологиялық зерттеулерге тапсырыс беру бойынша жоспарланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ведомости" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет pixabay-дан
Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, олар алты елде сауалнама жүргізуге 35 миллион рубль жұмсауды жоспарлаған.
Сауалнама Қазақстан, Израиль, Үндістан, Қытай, Куба және Египетте жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша әлеуметтанушыларға да орыс тілінің тартымдылығын арттыру үшін коммуникациялық компонент бойынша ұсыныстар дайындауға тапсырма беріледі. Олар Мәскеуде өтетін дөңгелек үстелде таныстырылмақ.
Саяси технологиялар орталығының президенті Борис Макаренконың айтуынша, "таңдалған елдерде орыс тіліне қызығушылық тарихи тұрғыдан жоғары".
"Қазақстан негізінен орыстілді ел. Жалпы, бұл Ресейге салыстырмалы түрде жақын елдер. Сондықтан олардың бұл тілді үйрену дәстүрлері қалыптасқан", – деді ол.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы
