Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ренжіп қалғанбыз": Қыдырәлі Болман продюсер Баян Мақсатқызына жазба арнады

Танымал әнші Қыдырәлі Болман әріптесі, продюсер Баян Мақсатқызына арнап жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kydyrali_bolman/

Өнер иесі студенттік жылдарды есіне алып, Баянды алғаш рет көрген сәтін баяндады.

“Баянды “Махаббат бекеті” фильмінен көргенмін. Оған ғашық болған суретші жігітке тілекші болдық. Қуанса бірге қуанып, қиналса бірге қиналдық. Баян басқа жігітке тұрмысқа шығып кеткенде “Қап-ай” деп ренжіп те қалдық. Алматыға оқуға түскенде, сол институттан көремін деп үш ұйықтасам, түсіме кірмеген еді. Бір күні аудиторияға кіріп келсем, басқа курс отыр екен. Алдыңғы қатарда отырған Баян бірден көзіме оттай басылды. “Махаббат бекеті” киносындағы Баяннан жүз есе сұлу екен. Сол кезден бастап танимын. Мен үшін әрі әріптес, бір институтта, бірақ әртүрлі факультетте оқысақ та, студент кезден білемін. Мен үшін қымбат замандасым”, – деп жазды Қыдырәлі. 



Одан кейін продюсер әріптесінің кино әлеміндегі батыл қадамдарына да тоқталды. 

“Кезінде киноға кіре алмай, сұраныс жоқ деп жүрдік. Кино түсіру клип түсіру емес. Қорқа-соқтағанымыз рас. Баянды отандық кино түсіруді қолға алған алғашқылардың бірі, қазақтың қайсар да талантты қыздарының бірі дер едім. Баян Мөлдір, Ерке, Айгүл, Кәмшат, Жұлдыз, Ақботанұр, Балжан сынды қазақтың талантты қыздарын сахнаға шығарып, елге танытты. Келген жасың құтты болсын, елге істеген еңбегің елеулі болсын! Алладан ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыңа бақыт пен береке тілейміз!”, – деп ықылас білдірді продюсер. 

Еске салайық, Баян Алагөзова сәлем салу дәстүрін сынап, қызу талқыға түскен еді. 

 

Талқылау