Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Растайтын құжаттарсыз": Қазақстандықтарға несие мерзімін қалай кейінге қалдыруға болатыны айтылды

Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша негізгі борышты және сыйақыны төлеу 16 наурыздан бастап 90 күн кезеңіне тоқтатыла тұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кредит

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдеуінше, өтінішті жеке немесе ШОК субъектісі 2020 жылдың 16 наурызынан 15 маусымына дейін кез келген уақытта бере алады.

Жеке тұлғаларға аталған мүмкіндік растайтын құжаттарды ұсынбастан беріледі. Бұл ретте, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және тіркелген жұмыссыздарға жататын азаматтарға кейінге қалдыру өтінішсіз автоматты түрде ұсынылады.

"Басқа азаматтар несиелік мекемеге қаржылық жағдайының нашарлау себептерін көрсететін кез келген нысанда өтініш білдіре алады: уақытша еңбекке жарамсыздық, жалақысы сақталмайтын демалыста болу, жұмысты тоқтату, жалақы төлеуді тоқтата тұру немесе басқа себептер. Жеке тұлғаларға растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді, алайда несие ұйымының теріс пайдалануына жол бермеу үшін жеке тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауы туралы ақпарат болған жағдайда төлемдерді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдануы мүмкін", - деп нақтылады агенттікте.

Қаржы реттеуішінің хабарлауынша, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне (ШОК), оның ішінде жеке кәсіпкерлерге, егер олардың қызметі төтенше жағдай әсер ететін экономика салаларына сәйкес келсе немесе олардың қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда кейінге қалдырылатын болады.

ШОК субъектілері банкке немесе микроқаржы ұйымына өздерінің қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш жасауы қажет.

Естеріңізге салай кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев табысынан айрылған отбасыларға қолдау көрсетіп, төтенше жағдай кезінде несие бойынша төлемдерді тоқтата тұруды тапсырған еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр