Қос қазақстандық балуан арулар Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Фото: ҰОК
Қырғызстан астанасы Бішкекте әйелдер күресінен Азия чемпионатының іріктеу кезеңі басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат аггенттігі хабарлайды.
Ұлттық құрама сапында -50 кг салмақта бақ сынайтын Марал Тәңірберген Тайпей спортшысынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Сонымен қатар аса ауыр салмақ +76 кг Гүлмарал Еркебаева үндістандық Кажал Кажалды жеңіп, келесі айналымға шықты.
Маралдың қарсыласы Токио Олимпиадасының чемпионы, бірнеше дүркін әлем чемпионы – Юи Сусаки (Жапония). Ал Гүлмаралдың қарсыласы енді белгілі болады.
Бүгін бозкілемге шыққан 59 кн Виктория Хусаинова мен -55 кг Шұғыла Өмірбек үндістандық палуаннан, ал Елена Шалыгина алғашқы белдесуінде жапониялық Мива Морикавадан жеңіліп қалды.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады