Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы өңірлік экологиялық саммит өтті

Жанат Жанботин

Өңірлік экологиялық саммитті өткізуге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болды. Бұл халықаралық экологиялық бастамаға "Казцинк" компаниясы да қосылды.

Саммит Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшыларын, халықаралық сарапшылар мен бейінді ұйымдардың басшыларын бір алаңға тоғыстырды. Қатысушылар экологиялық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде климаттың өзгеруі, су ресурстарын басқару және табиғатты қорғау жобаларын дамыту жайын талқылады.

казцинк

ӨЭС аясында жасыл және тұрақты технологиялардың халықаралық көрмесі өтті. "Казцинк" негізгі ластаушы заттар бойынша көрсеткіштерді нақты уақыт режимінде бақылап, деректерді Қазақстан Республикасы Экология министрлігіне тікелей жолдайтын автоматтандырылған мониторинг жүйесін таныстырды. Бұл жүйені енгізуге 4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды.

казцинк

 

"Казцинк" ESG қағидаттарына, әсіресе табиғатты қорғау міндеттеріне барынша бейіл. 1997 жылы құрылған сәттен бастап Өскемендегі негізгі ластаушы зат – күкірт диоксиді шығарындыларының көлемі 65 мың тоннадан 16 мың тоннаға дейін төмендеді. Қазір компания өз жұмысының барынша ашық болуын басты міндеттерінің бірі деп санайды. Осы мақсатта біз елде алғашқылардың бірі болып 2021 жылы Экология министрлігімен ең үздік қолжетімді табиғат қорғау технологияларын енгізу жөніндегі арнайы меморандумға қол қойдық, ал бірнеше жыл бұрын автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнаттық. 2030 жылға дейін табиғатты қорғау шараларына арналған бірнеше ірі ауқымды өндірістік жобаға шамамен 80 млрд теңге инвестиция салуды жоспарлап отырмыз”, – деп атап өтті компанияның бас директоры Жанат Жанботин.
казцинк

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ӨЭС-ке 20 мыңнан астам адам келген.

Жарнама құқығында

STAN.KZ
Жұма, 24 Сәуір, 2026 11:45