Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында қатты дауылдан ғимараттардың шатыры ұшып, ағаштар құлады

Ауа райы шатыр ағаш
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды облысында секундына 23 метрге дейін жеткен жел екпіні бірқатар елді мекендердегі тұрғын үйлерге, мектепке және инфрақұрылым нысандарына зақым келтірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қарағанды қаласында үш тұрғын үйдің шатырының бір бөлігі ұшып кеткен, сондай-ақ ауладағы тұрақта тұрған жеңіл автокөлік зақымданған. Қала ішіндегі аудандарда қатты желден ағаштар мен ірі бұтақтар құлаған.

“Абай ауданында екі бес қабатты тұрғын үйдің шатыры зақымданды. Осакаров ауданында мектеп ғимаратының шатыры бүлінді. Қарқаралыда жел екі қабатты тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті, сондай-ақ №2 қазандық аумағында пайдаланылмайтын металл түтін мұржасы құлады”, – деп мәлімдеді Қарағанды облысының әкімдігі.

Оқиға орындарында ТЖД қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері дереу жетіп, қолайсыз ауа райының салдарын жойды. Қауіпті шатыр бөліктері алынып тасталды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 27 Сәуір, 2026 08:14