Трамп Иранның мұнай инфрақұрылымына соққы жасағанға дейін үш күн уақыты барын айтты

АҚШ президенті Donald Trump Fox News телеарнасына берген сұхбатында Иранның мұнай инфрақұрылымына ықтимал соққы жасалғанға дейін шамамен үш күн уақыты қалғанын айтты. Ол Иранмен соғыс жақын арада аяқталатынын айтып, АҚШ "ірі жеңіске жетеді" деп мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
БАҚ-тың мәліметінше, америкалық көшбасшы жаһандық тепе-теңдікке әсер ететін "жою таймерін" іске қосқанын айтқан.
"Иранның мұнай инфрақұрылымы жарылуына шамамен 3 күн қалды. Бұл соғыс жақын арада аяқталады және біз үлкен жеңіске жетеміз", – деді ол.
Haberler басылымы “бұл мәлімдеме АҚШ-тың Иранның аса маңызды мұнай нысандарына қарсы ауқымды әскери операцияға дайындалып жатыр дегенді білдіріп, аймақтағы шиеленісті ең жоғары деңгейге дейін күшейтті” деп жазды.
АҚШ президенті Қытайдың Иранға көрсететін қолдауы туралы айтып қалды.
Оның сөзінше, Қытай көмектесуі мүмкін. Бірақ оны ауқымды көмек деп атамады.
“Олар бұдан әлдеқайда көп көмектесе алар еді. Мен қатты ренжіп тұрған жоқпын. АҚШ Украинаға Қытайдың Иранға көрсететін көмегінен әлдеқайда көп қолдау көрсетіп отыр", – деп қосты ол.
Журналист Трампқа Иранмен келіссөздердің қандай деңгейде екенін сұрады.
Трамп АҚШ Пәкістанның фельдмаршалы мен премьер-министріне үлкен құрметпен қарайтынын, олардың "өте жақсы адамдар" екенін айтты. Бірақ келіссөздер үшін ұзақ ұшудың қажеті жоқ екенін атап өтті.
“Кейбір кездесулерге қатысу үшін 17-18 сағат ұшу қажет болады, бұл қолайсыз. “Кездесу қашан болады?” деп сұрадым. Маған сейсенбі күні деп жауап берді, ал ол күні сенбі еді және олар ұшуға дайын болған. Олар жеткенше ұзақ уақыт кетер еді. Сонда мен “біз енді бұлай істемейміз” дедім. Барлық басымдық біздің қолымызда. Егер олар сөйлескісі келсе, бізге келсін немесе телефон шалсын. Телефон бар. Бізде қорғалған байланыс желілері бар, бірақ шын айтсам, олардың бірде-бірі толық қауіпсіз екеніне сенімді емеспін, дегенмен олар бар, сөйлесе аламыз. Бірақ біз енді адамдарды кездесуге бола 18 сағат ұшуға жібермейміз", — деді АҚШ президенті.
Ол енді келіссөздер тек телефон арқылы жүргізілетінін айтты.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек