Қалада да, жолсыз жерде де сенімділік береді: Неліктен жүргізушілер кроссоверді таңдайды?

Соңғы жылдары кроссоверлер (Жол талғамайтын жеңіл көлік) автонарықтағы сұранысқа ие көліктердің біріне айналды. Оның себебі қарапайым: бұл санат жүргізушілердің күнделікті қажеттіліктеріне барынша сай келеді. Көпшілік үшін қазір тек сыртқы көрініс немесе жабдықталуы емес, көліктің күнделікті қолайлылығы да маңызды. Сондықтан кроссовер бүгінде әр күнге арналған әмбебап көлік ретінде қабылданады.
Кроссовердің басты артықшылықтарының бірі – оның биігірек болуы. Седанмен салыстырғанда, мұндай көлік шұрық-тесік жолдардан, бұзылған асфальттан, қар мен қиыршық тастан қорықпайды. Жолдан тыс жерлерде де сенімді жүреді. Орындығының биіктігі де маңызды. Жүргізуші жолды жақсы көреді, көліктің көлемін оңай сезінеді, соның арқасында өзін сенімді ұстайды. Тағы бір маңызды артықшылығы – кеңдігі. Кроссоверді тек әдемі болғаны үшін емес, өмірге ыңғайлы болғаны үшін таңдайды. Іші кең, отыруы жайлы, жүксалғышы үлкен. Отбасымен бірге жолға шығуға, балалардың орындығын, арбасын және басқа да заттарды алып жүруге өте қолайлы. Сондықтан бүгінде кроссоверді белгілі бір мақсат үшін емес, жұмыс күндері де, демалыста да бірдей сенімді жүретін әмбебап көлік ретінде сатып алады.

Қазіргі кроссоверлер тек қала ішінде жүруге арналған көлік емес. Бұрын оларды седанға қарағанда ыңғайлы балама ретінде қарастырса, қазір асфальт біткен жерлерге де еркін шығатын көлікке айналды. Топырақ жолдар, ойлы-қырлы аймақтар, өрге көтерілу, із түскен жолдар, тауға немесе алыс табиғат аясына бару – бүгінде мұның бәрі кроссовер үшін қалыпты жағдай. Әрине, бұл ауыр офф-роуд емес. Бірақ қазіргі кроссоверлердің мүмкіндігі қаладан шығып, жол қиындаған жерлерде де сенімділік сыйлауға жеткілікті.

Осы тұрғыдан алғанда, Jetour модельдері дәл осы талаптарға сай келеді. Бренд күнделікті қолдануға ыңғайлы әрі өмірде шынымен қажет практикалық қасиеттерді біріктірген кроссоверлерге басымдық береді. Әсіресе, Jetour X50, X70 Plus және X70 модельдері осының айқын мысалы. Бұл көліктердің әрқайсысы заманауи әмбебап кроссовердің мәнін өзінше көрсетеді.

Jetour X50 – күнделікті қолданудың жеңілдігіне ерекше мән берілген кроссовер. Оның ұзындығы 4397 мм, ал дөңгелек базасы 2601 мм болғандықтан, ол қала жағдайына жақсы бейімделген. Тар көшелермен жүру, кептелісте қозғалу және тұрақ табу жеңілірек. Сонымен қатар 186 мм клиренсі (жерден биіктігі) кәдімгі жеңіл көліктермен салыстырғанда бұзылған жолдарда да сенімді жүруге мүмкіндік береді. 156 ат күшіне ие турбоқозғалтқыш 6DCT қорабымен бірге күнделікті жүргізуге жеткілікті серпін береді. Көлік ағынында еркін қозғалу, трассада сенімді жүру және тек асфальт жолмен ғана шектеліп қалмау мүмкіндігі бар.

Jetour X70 Plus осы идеяны одан әрі кең әрі қуатты форматта дамытады. Көліктің ұзындығы 4724 мм, жерден биіктігі 210 мм және 197 ат күшіне ие 1,6Т қозғалтқышы оған әмбебаптықтың мүлде басқа деңгейін береді. Бұл – салонында көбірек кеңістік, қозғалтқыш қуатының үлкен қоры және ұзақ сапарларда жоғары жайлылық қажет ететіндерге арналған нұсқа. Одан бөлек, X70 Plus күнделікті қолдануға арналған заманауи отбасылық кроссовер де бола алады. Модельдің ресми сипаттамасында кең салон, үш аймақты климат-бақылау жүйесі және 10,25 дюймдік мультимедиялық экран ерекше атап өтілген. Мұндай көлік қала ішінде де, ұзақ жол сапарларында да ыңғайлы. Әсіресе, жайлылық, кеңдік және жолдағы тұрақты, сенімді жүріс маңызды кезде жақсы таңдау.

Jetour X70 — жүргізушінің күнделікті қажеттілігін артық күрделі шешімдерсіз қамтамасыз ететін заманауи кроссовердің тағы бір мысалы. Көліктің ұзындығы 4743 мм, ал дөңгелек базасы 2720 мм болғандықтан, ол кең салон ұсынады. Жерден 210 мм биіктігі оны қала ішінде ғана емес, жолы қиындау бағыттарда да ыңғайлы етеді. Капотының астында 156 ат күшіне ие 1,5 литрлік турбомотор орналасқан. Ол 6DCT қорабымен жұмыс істейді. Бұл күнделікті жағдайда көлікті тыныш әрі сенімді басқаруға жеткілікті. Модельдің ресми сипаттамасында салонның қолайлылығы, сондай-ақ екінші қатардағы жолаушыларға арналған USB және Type-C порттарының бар екені ерекше аталады. Бұл – оның отбасылық әрі қолайлы көлік екенінің тағы бір дәлелі.

Сондықтан кроссоверлер бүгін де нарықта өз позициясын күшейтіп келеді. Олар жүргізушіге күнделікті өмірде шынымен қажет нәрсені береді. Жайлылық, қауіпсіздік, жолды жақсы көру мүмкіндігі, кеңістік және бұзылған жолда сенімді жүру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Jetour X50, Jetour X70 Plus және Jetour X70 модельдері қала ішінде ыңғайлы көлік қана емес, өмірдің өзге де жағдайларына бейімделген толыққанды көлік бола алатынын көрсетеді. Олармен күнделікті жүретін жолдан бастап, еркіндік сезімін беретін ұзақ сапарларға дейін ыңғайлы.

Қорытындылай келе, бұл модельдер бүгінде өте тиімді шарттармен ұсынылып отыр. Бренд бірқатар модельдерге арнайы баға ұсынып, сонымен қатар ыңғайлы несие бағдарламаларын да қарастырған. Соның арқасында жаңа кроссоверді сатып алу бұрынғыдан да қолжетімді. Көліктердің тәжірибелік артықшылықтарымен қатар, бұл жағдай Jetour-ды таңдау тек қолайлы ғана емес, сонымен бірге тиімді шешімге айналдырады.
Толық ақпаратты Қазақстан бойынша барлық ресми Jetour дилерлік орталықтарынан немесе ресми сайттан алуға болады.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен