Ресей президенті Владимир Путин ДХР мен ЛХР шекараларына қатысты мәселенің нүктесін қойды
Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының шекарасы олардың конститутцияларында бекітілген облыстар бойынша қалатынын айтты. Осылайша ол Мәскеу тәуелсіздігін мойындаған Донбас елдерінің шекара жерлеріне қатысты сауалдардың нүктесін қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Ресей республикаларының барлық маңызды құжаттарын, оның ішінде Украинаның құрамында болған кездегі ДХР мен ЛХР шекаралары айқындалған конституциясын мойындағанын атап өтті.
“Барлық даулы мәселелер Киев билігі мен республикалардың басшылығы арасында өтетін келіссөздер кезінде шешіледі деп күтеміз”, – деді Путин.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко Мәскеудің жергілікті билік республикалардың бұрынғы белгіленген шекараларын мойындайтынын айтқан. ДХР мен ЛХР өз билігін заңды секция арқылы жүзеге асыратын болады.
Еске салсақ 21 ақпан күні Владимир Путин КХДР мен ЛХР тәуелсіздігін тану туралы жарлықтарға қол қойып, елдің қарулы күштеріне республикалардағы тыныштықты сақтауды тапсырған болатын.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"