Путин: Қазақстанда Майдан технологиялары қолданылған
Путин ҰҚШҰ отырысында Қазақстандағы жағдайға қатысты сөз сөйледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстандағы жағдай бәрімізді алаңдатады. Қазақстанда біз халықаралық лаңкестіктің агрессиясына куә болып отырмыз, содырлар ыстық нүктелерде дайындықтан өткен. Қазастандағы оқиғалар сыртқы араласудың бірінші және соңғы әрекеті емес", – дейді Путин.
Путин Қазақстанда Майдан технологиялары қолданылғанын мәлімдеді.
"Қазақстанда Майдан технологиялары қолданылған. Миссия аяқталғаннан кейін, әрине, ҰҚШҰ контингенті түгелдей елден шығарылады. Мен Қазақстан бұл жағдайды жеңетініне сенімдімін", - дейді Путин.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған