Путин Дағыстанда болған тәртіпсіздікке Батыс елдері мен Украинаны кінәлады
Ресей президенті Владимир Путин 29 қазанда Махачкала әуежайындағы тәртіпсіздіктерге батыстық барлау агенттіктері қатысқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Путиннің Дағыстандағы жағдайда шетелдіктерді, оның ішінде Украинаны кінәлады.
"Махачкаладағы оқиғалар Украинаның, батыстық барлау агенттігінің ұйымдастыруымен жасалды. Палестинаға көмектесеміз деп дағыстандықтарға шабуылдауға бола ма?! Палестинаға көмектесу үшін оған кінәлілермен күресу керек", – деді Путин.
Ресей Федерациясының президенті Таяу Шығыстағы қақтығысты ұйымдастырушылар өзара алауыздықты ояту үшін осындай әдістер қолданады деп мәлімдеді.
"Қазір Газа секторында болып жатқан қорқынышты оқиғаның кесірінен жүздеген мың жазықсыз адам көз жұмуда. Олардың тығылатын, жасырынатын жері жоқ. Қанға боялған алаң, мерт болған балалар, әйелдердің қалай зардап шегетіні, қарттардың қиналғанына, дәрігерлердің қалай өлетініне қарасаңыз, әрине, көзіңізге еріксіз жас келеді", – деді Ресей басшысы.
Ол әлемдік тұрақсыздықты АҚШ ұйымдастырып отырғанын айтты.
29 қазанда кешке Махачкала әуежайының аумағына Тель-Авивтен рейс келді. Тұрғындар әуежайға келген еврейлердің кетуін талап етті. Ресей ІІМ-нің соңғы мәліметтері бойынша 83 адам ұсталды.