Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог оқушылардың оқу үлгерімі не себепті нашарлайтынын түсіндірді

Психолог маман оқу үлгерімі нашарлап кеткен оқушылардың ата-анасына бірқатар кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Известия басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Маман ата-аналарға балаларының мектептегі жағдайы мен күнделігін қадағалау керегін айтады. 

“Тепе-теңдік ұстау керек: баланы білімге ынталандыра отырып, ешқандай бағаға қарамастан оны жақсы көретініңізді айту маңызды. Сондай-ақ баламен жұмыс істеп, оны өз бетінше оқуға қызығушылығын арттырған жөн. Күнделіктегі төмен бағаны көріп “бала нашар оқиды” деп қорытынды жасауға болмайды. Кейде бұл жәй ғана немқұрайлылық болуы мүмкін. Бірақ оқушы жиі екі, үш алып жүрсе, ата-ана дабыл қағу қажет. Себебі оқушы үлгерімінің төмендеп кетуіне бірқатар мәселе себеп болуы мүмкін. Білім жүйесінің қолайсыздығынан, ұстаз оқушыға көңіл бөлмесе және ортаға бейімделіп кете алмаса бала оқуға деген қызғушылығын жоғалта бастайды”, – дейді психолог.

Сондай-ақ оқушы тапсырмаларды өз бетінше орындай алмаса немесе уақытын дұрыс пайдалана алмаған жағдайда оқу үлгерімі нашарлайды. Сол себепті бала жағдайдың мән-жайын түсінбеген ата-анасымен, мұғалімдермен немесе қатарластарымен жиі түсінісе алмай жатады.

Психолог үйде балаға “озат оқушылары – жақсы, нашар оқитындар – жаман” деп үйретпеу керек деп кеңес береді. Өйткені мұны естіген үлгерімі төмен балалар өзін-өзі бағалауды қояды, өзін басқалардан төмен санайды. 

“Балаларға қысым көрсетпей, керісінше, өмірде сәтсіздіктер де болатынын түсіндіріп, оны қалыпты жағдай деп қабылдауды үйрету керек. Әңгімені қарапайым дүниелерден бастап, кез келген ақпаратты оқып, үйренуге көмектесіңіз. Осылайша баланы одан әрі ынталандыра аласыз”, – дейді Анастасия Екушевская.

Талқылау