Президент Жетісу облысының әкімін тағайындады
Жаңадан құрылған Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын", – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Қанат Бозымбаевты Алматы облысының әкімі қызметінен босатқан.
Бейбіт Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда Бақанаста дүниеге келген.
Исабаев 2022 жылдың қаңтарында Сенат депутаты атанған еді. Ол бұған дейін Қазақстанның Әзірбайжандағы, Қырғызстандағы елшісі, 2008-2009 жылдары Президенттің баспасөз хатшысы болып қызмет еткен.
Еске салайық, бұған дейін Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып тағайындалған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған