Президент: ҰҚШҰ әскері Қазақстанды құтқарған жоқ, ортақ қызығушылықтарды қорғады
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қаңтар айында болған оқиғалардан кейін елге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) әскерінің елге кіргізілуіне қатысты пікір білдіріп, әскери күштердің Қазақстанды құтқармағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мәселе құтқару да емес, ортақ қызығушылықтарды қорғауда. Екіншіден, аталмыш сұрақты геосаясат тұрғысынан қараған жөн. ҰҚШҰ – біздің ортақ құрылымымыз. Ресей және өзге ұйым мүшелері Қазақстанда қорғау үшін ғана емес, өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін қол ұшын созды", – деді ол Qazaqstan арнасына берген сұхбатында.
Тоқаев журналистің сауалына жауап бере отырып, мұндай шешім қабылдағанына өкінбейтінін айтты.
"Керісінше, бұл – дұрыс шешім. Қарулы лаңкестердің Алматыны қиратып, қала тұрғындарына қауіп төндіргенін ұмытпау керек. Егер мұндай шара қабылданбағанда, лаңкестер басқа қалаларды да басып алар еді", – деді ол.
"Кәнсіл": Қазақстандықтар 2025-тің жыл сөзін таңдады
Stan.kz жүргізген сауалнамаға жазылған пікірде 2025 жылы болған атышулы оқиғалар мен танылған есімдер де бар
"2050 жылы 73-ақ мың теңге": Қазақстанда болашақта зейнетақы неліктен орташа көрсеткіштен екі есе төмен болмақ
Барлық жауапкершілік қызметкердің өзіне жүктелген дейді қаржы сарапшысы