Президент шетелге шығарылған ақшаны елге қайтару жөнінде: Бұл күрделі әлі ұзақ уақытты қажет ететін процесс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған ақша жөнінде пікір білдіріп, мұның ұзақ уақытты қажет ететін күрделі процесс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол үкіметке сәйкес тапсырманың берілгенін еске салып өтті. Екі айдан кейін билік өкілдері нақты ұсыныстарды мәлімдейді.
"Бұдан кейін жұмыстар басталады. Кең көлемді сараптама жүргізіліп, шетелдік мекемелермен келіссөздер жүргізіледі", - деді ол сұхбат барысында.
Тоқаевтың сөзінше, бұл ұзақ уақытқа созылады және күрделі процеске айналуы мүмкін. Сонымен қатар әділдікке қол жеткізу үшін жұмыстарды бастау керегін де жасырмады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"