Президент көз жұмған әскери қызметшілердің ісін тергеуге тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілер өлімінің көбеюіне байланысты тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды", – деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Бұдан кейін келеңсіз жағдайларға жол берген офицерлер жазаланады.
Еске салайық, бүгін таңғы сағат 5-те Маңғыстау облысындағы Бейнеу шекара бекетінде 19 жастағы сарбаздың мәйіті табылды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды