Назарбаев: Халыққа ұнамайтын заңның бізге керегі жоқ (видео)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен жиын барысында жер туралы заңға қатысты пікірін білдірді. Президент жер туралы заңға енгізілген өзгерістерге мораторий жарияланатынын хабарлады.

Сурет akorda.kz
“Халыққа ұнамайтын заңның бізге керегі жоқ! Бірақ түсіндіру керек, оны алып тастағаннан кейін ауылшаруашылығына қандай мүшкілдік болатынын. Оны әрине, даладағы диқандар ғана біледі. Қаладағы асфальтта жүргендер емес”, – деді президент.
Елбасының бұйрығымен үкімет жанынан вице-премьер Бақытжан Сағынтаев жетекшілік ететін комиссия құрылатын болды. Комиссия мемлекеттік және қоғамдық органдармен шаруаны талқылап, жер кодексіндегі даулы мәселелерге қатысты ұстанымдарды айқындап, парламентпен бірге қайтадан қарамақ.
Президент жер туралы заңды ел-жұртқа түсіндіру жұмыстарын “Нұр Отан” партиясы мен демократиялық күштердің біріккен коалициясы да ауқымды түрде жүргізетінін айтты.
Пойызда қызға қол жүгірткен ер адамның үстінен екі бап бойынша әкімшілік іс қозғалды
Көліктегі полиция: "Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар қарау үшін сотқа жолданды"
Мұғалімдерді аттестаттау жүйесі мен шетелден көлік әкелу тәртібі қайта қаралады: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді?
Жаңа оқу жылынан бастап оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынады