Президент қазақстандық теннисшілерді Davis Cup әлемдік тобына шығуымен құттықтады
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның теннистен ерлер құрамасына құттықтау жеделхатын жолдады,-деп жазды Stan.kz

Мемлекет басшысы Қазақстанның теннистен ерлер құрамасын Дэвис Кубогінің қазіргі чемпионымен ойында жеңіске жетуімен және осы үздік турнирдің әлемдік тобына өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
“Сіздердің мықты қарсыласпен бәсекеде табандылықпен жеткен жарқын жеңістеріңіз еліміздің спорт жылнамасындағы айтулы жетістік болып отыр. Қайсарлық пен қайрат-жігерлеріңіздің арқасында Қазақстан теннис мектебінің жоғары деңгейде екенін тағы да бір таныттыңыздар”, – делінген жеделхатта.
Соңында Елбасы құрама мүшелеріне зор денсаулық тілеп, спорттың жаңа белестерінде табысқа жетулеріне ниеттестік білдірді.
"55 жасында дүниеге келген": Ата-анасы жасы келгенде туған қазақстандықтар қиыншылықтарын бөлісті
Самал: "Кей сәттерде ата-анамның өздері де бала секілді көрінеді"
Jennifer Lopez, Backstreet Boys, Kanye West: Әлемдік жұлдыздарды шақыру құны қанша
Қымбат билет, миллиондаған доллар: Қазақстанға жұлдыз шақыру кімге тиімді?