Пойызға кіргізбеді: Алматыдан шыққан сарбаздар үйіне жете алмай қалды
Отан алдында борышын өтеп туған жеріне қайтуға асыққан сарбаздар үйіне жете алмай жатыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Алматыдан Павлодарға шыққан 34 сарбаз Семейдің темір жол вокзалынан басқа пойызға отырулары керек болған. Бірақ оларды ешкім вагонға кіргізбепті. Себебі, қолдарында ПТР анықтамасы болмаған.
Әлі де ел ішінде вирус жұқтырғандардың алдыңғы қатарында тұрғандықтан ШҚО "қызыл" аймақтан шықпады.
Соған байланысты өзге аймаққа шығу үшін тұрғындар ПТР тест тапсыруы керек. Оңтүстіктен Солтүстік Қазақстанға қайтқан сарбаздар Шығыстан шыға алмауының себебі осы.
Ұлттық ұлан Павлодарға ПТР керек болмаған соң Семейге пойызға міне алмады, дегенмен сарбаздарды автобуспен үйлеріне жеткіздік деп отыр.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды