Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тесті бар жолаушылар кіре алмай жүр". Қазақстандық әйел пойыздағы саудагерлерді видеоға түсіріп алды

Әйел Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұловқа жолаушылар пойызындағы жаппай сауда жүргізілуіне қатысты шағымданды. Ол жолаушылар үшін анықтамалар қажет болса да, сатушылар пойызға ПТР анықтамасыз еркін кіргенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Оған міне дәлел, № 4 купе вагоны. Санитарлық дәрігер Байғабұлов үшін түсіріп жатырмын, проблема қалайсыздар ма? Мінекей. Семей, екінші жолақта пойыз тұр. Жолсерік міне, ештеңе көрмедім дейді, телефонмен отыр", - дейді әйел. 

Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Жағдай Семей - Нұр-Сұлтан бағытындағы пойызда орын алды.

"Жолаушы, басқалар сияқты, ПТР туралы анықтама болған жағдайда ғана вагонға отырғызуға рұқсат етілгеніне назар аударады. Ал стихиялық сауданы жүзеге асыратын бұл адамдарда ПТР туралы анықтама мүлдем жоқ. COVID-19 бойынша шектеу карантиндік шараларын ескере отырып, теміржол қатынасындағы стихиялық саудаға тыйым салынғанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, қосымша шектеулерге сәйкес ШҚО-дан Қазақстанның басқа өңірлеріне баратын поездарға ПТР туралы анықтамасыз отырғызуға жол берілмейді. Бұзушылық фактілері бойынша пойыз бастығы мен вагон жолсерігіне қатысты әкімшілік шаралар (айыппұл) қабылданатын болады", - деді Байғабылов.

 

 

Талқылау