Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Презентация дегеніміз не? Презентация жасауға арналған 7 кеңес

Презентация - бір нәрсені (ұйым, жоба, өнім және т.б.) таныстыруға арналған құжат немесе құжаттар жиынтығы.

Презентацияның мақсаты - тыңдаушыларға презентация нысаны туралы толық ақпаратты ыңғайлы түрде жеткізу. Қазіргі уақытта презентация маркетингте қолданылады. Презентацияда бір мақсатта жұмылдырылған мәтіндер, гипермәтіндік сілтемелер, компьютерлік анимациялар, графика, видео, музыка және дыбыстық жазбалар болуы мүмкін (бірақ барлығы болуы міндетті емес).Сонымен қатар, презентация ақпаратты оңай қабылдау үшін ұйымдастырылған сюжет, сценарий және құрылымға ие. Stan.kz сіздерге тиімді және әдемі презентациялар жасау бойынша 7 пайдалы кеңес ұсынады.

PowerPoint-та презентация жасау: 7 пайдалы кеңес

 

Нашар құрылымдалған, ішпыстыратын және ақпараты аз  PowerPoint презентацияларын қанша рет тамашалауға мәжбүр болдыңыз? Тиімді презентация жасау әрине, оңай емес. Қарапайым көрінетін жұмыс көп еңбекті талап етумен қатар, ұзақ уақытты алады. Дегенмен, адамдардың ішін пыстырмайтын презентация жасау әбден мүмкін және ол үшін сізге кәсіби дизайнер болудың да қажеті жоқ. Сонымен қатар, презентацияның қандай бағдарламада жасалатыны маңызды емес, бірақ оны әзірлеу кезінде белгілі бір ережелерді сақтау керек.

1. Ақпараттық блоктарды дұрыс орналастырыңыз

Еуропалық топтардың тілдерінде ақпартты солдан оңға және жоғарыдан төменге қарай оқыған ыңғайлы. Бұл ерекшелікті біле отырып, адамдардың назарын ең маңызды болып табылатын слайдтың бөлігіне аударуға болады. Бұл 100 пайызға жұмыс жасайтын қарапайым әдіс.

Ол ақпаратты құрылымдайды және визуалды иерархияны (көзбен шолу баспалдағын) пайдалануға мүмкіндік береді. Жоғарыда келтірілген мысалда дұрыс слайдтың қалай құрастырылғанын көруге болады. Онда алдымен үлкен қаріппен жазылған тақырып, содан кейін шағын түсіндірме мәтін, ал оң жақта – иллюстрациялар тұрады. Сонда көрермен алдымен тақырыпты көреді, содан кейін мәтінге көз жүгіртіп шығады. Тек содан кейін барып оның көзі, суреттер орналасқан жерге солдан оңға қарай қозғалады.

2. Ешқандай ұзақ сөйлем болмауы керек

Жақсы презентация қарапайым және түсінікті болуы керек. Оның міндеті – тақырыпқа тереңдемей, көрерменге негізгі идеяны жеткізу. Көптеген дизайнерлердің мәселесі, олар мүмкіндігінше көп айтқысы келетіндіктен слайдты ақпараттармен толтырып тастайды.

Бірақ, аудитория презентацияны оқымауы керек – керісінше, тыңдауы тиіс. Ал суреттер мен тақырып ақпараттың қабылдануы мен меңгерілуін жақсартады. Сондықтан презентацияларда тым ұзақ сөйлемдерді қолданбаңыз. Тек идеяларыңызды қорытындылап, оларды тізіп жазып, слайдта көрсетсеңіз болды. Сондай-ақ, бір слайдта тым көп тармақ болмауы керек. Тіпті, бір слайдта 10 тармақ болса, оның өзі көп. Бұл жағдайда ақпаратты екі слайдқа орналастырған жөн.

3. Аз болса, жақсы деген сөз

Жоғарыда айтылғандай, PowerPoint-тегі нашар презентацияның басты белгісі – слайдта ақпараттың шектен тыс көп болуы. Бұл жағдайда аудитория не туралы айтылып жатқанын түсіну үшін көп күш жұмсауға мәжбүр болады. Слайдты толықтай ақпаратпен толықтырып тастаған дизайнер өз клиентінің жұмысын қиындатып, кедергі жасайды. Олар ділмардың жұмысын жеңілдетуге тырысамын деп, тапсырманы жеңілдетудің орнына, керісінше, бәрін қиындатады.

Жақсы слайдта бос кеңістік болуы керек. Себебі, адамдар әрдайым негізгі кеңістіктерге назар аударады. Сонымен бірге, презентация жасауда 6×6 ережесін сақтауыңыз керек. Әрбір слайдта ең көбі 6 тармақ болуы керек және әрбір тармақта 6 сөзден көп болмауы тиіс.

Ал дизайн туралы айтатын болсақ, ешқандай жағдайда тармақтағы бір-екі сөз жаңа жолға ауыспауы керек. Ақпарат көзге бірден көрінбесе қабылдауды нашарлайды, сондықтан сөйлемді бір жолға сəйкестендіріп жазу керек.

4. Қарапайым түстерді қолданыңыз

Презентация құрастыруда слайдтардың түстеріне назар аудару қажет. Тым жарқын түстерді қолданудың қажеті жоқ, себебі аудитория тез шаршап, қызығушылық жоғалтады. Сондықтан, түсті үнемдеп пайдаланыңыз.

Ашық фонда қара түсті немесе қараңғы фонда ашық түсті мәтін әрдайым көрермендердің назарын өзіне тартады. Сондай-ақ, қарқынды градиенттерден де аулақ болуыңыз керек, себебі бұл мәтінді қабылдауды қиындатады.

5. Қаріпті кермей қолданыңыз

Кертілген қаріп басып шығарылатын басылымдарда көрінеді, бірақ олар презентацияға жарамайды. Сондықтан слайд жасауда Helvetica, Tahoma, Verdana және т.б сияқты қаріптерді пайдаланған жөн.

Мұндай қаріптерді экраннан оқу әлдеқайда жеңіл. Бірақ қаріпті таңдаған кезде өте жұқа немесе тым тар сызықтардан аулақ болу керек. Презентацияда  қаріптердің шектеулі санын пайдалану керек, яғни үш түрі жетеді. Әрбір қаріп өзінше өзгеше, ол өзі эмоциялық хабарды таратады. Сондықтан қаріптің пішіні презентация тақырыбына сәйкес келуі керек.

6. Қаріптің көлемі 30 pt-дан аз болмауы керек

Көптеген сарапшылар презентациядағы қаріп өлшемі кем дегенде 30 pt болуы керек деп санайды. Қаріптің жеткілікті үлкен мөлшері мәтінді оңай оқуға мүмкіндік береді. Ал үлкен тақырыптар аудиторияның назарын бірден аударады. Дегенмен, тым үлкен әріптермен де жазудың керегі жоқ. Өйткені, ақпарат бос кеңістікте болуы керек және слайд түсінуге жеңіл болуы тиіс.

7. Қаріпті шамадан тыс сәндеп, өзгертудің қажеті жоқ

Өздеріңіз білетіндей, жақсы қаріп бірнеше кескіннен тұрады. Осылайша, көрерменнің назарын мәтінге үш жолмен аударуға болады. Олар курсив, қою қара түсті қаріп немесе түстерін бөлектеу. Көрерменнің көзі әрдайым бірінші болып ерекшеленіп тұрған нәрсеге түседі. Сондықтан стайлингті өте мұқият пайдалану керек. Егер сіз мәтіннің пішінін шамадан тыс көркемдеп, ерекшелесеңіз, қарсы әсер аласыз. Себебі, аудитория негізгіні екіншісінен ажырата алмай, слайдты түсінбей қалады және презентация сәтсіз болады.

Осыдан шығатын қорытынды кез келген жақсы презентация – бұл біріншіден қарапайым презентация. Бұл сөйлеушінің сөйлеуіне ерекше назар аударатын ойлап табылған визуальды қатар. Сондықтан, келесі презентацияның дизайнын бастаған кезде, осы біз атаған 7 кеңесті әрдайым естен шығармай, ұстанғаныңыз жөн.

 
Талқылау