Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Помпейдегі жаңа қазбалар: Археологтар таңғажайып фрескаларды тапты

Археологтар Помпейдегі қазба жұмыстары кезінде таңғажайып өнер туындыларын тапты. Біздің дәуірімізге дейінгі 79 жылы қала Везувий атқылауында жанартау күлінің астында қалып қойған. Археологтардың айтуынша, бұл фрескалар – осы жерде бұрын-соңды табылған ең жақсы суреттердің бірі. Банкет залының биік қабырғаларында грек мифтерінің кейіпкерлері, соның ішінде әдемі Елена (Троялық Елена) бейнеленген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: BBC / Иллиададағы көрініс: Парис Елена Прекраснаяны ұрлап кетеді. Бұл оқиға Троя соғысының басталуына себеп болды

"Фрескалар жарқырай түскенде картиналар тура өмірдегідей әсер қалдырады", – деді Зухтригель.

Бөлменің негізгі бөлігі екі үлкен фрескамен безендірілген. Солардың бірінде Аполлон трояндық ханшайым Кассандраның ықыласына ие болуға тырысып жатқан көрінісі бейнеленген. Әуелде Құдай Кассандраға пайғамбарлық күшті тарту етті. Алайда ол Аполлонның ұсынысынан бас тартқаннан кейін оның болжамдарына ешкім сенбейтін етіп жасады.

Фото: BBC /  

Кассандра Трояның өлімін Паристің Елена Прекраснаяны ұрлап кеткеннен кейін алдын ала біліп, болжам жасайды. Кассандраның ескертулеріне ешкім құлақ аспайды. Осылайша Троя соғысы басталып кетеді. Ал бөлмедегі екінші фреска осы Елена Прекраснаяны ұрлауға қатысты орнатылған.

Бір жыл бұрын банкет залы қараңғы бөлмелердің бірі болған. Бүгінде бұл бөлме ең соңғы болып тазартылды. Бұл бөлме "9-аймақ" деп аталатын жерден табылды. "9-аймақ" – шамамен 2000 жыл бұрын Везувий күлдің астында қалған үлкен тұрғын және коммерциялық аудан.

Археологтар жаңа олжаларды қорғау үшін жылдам әрекет етуі керек. Себебі табылған тұрмыстық заттар мен өнер туындылары қоймаға қойылып, қабырғалардан ажырап, құлап кетпеуі үшін фрескаларға арнайы сылақ желім жағылады. Кірпіш қаңылтырмен бекітіледі. Толығымен қираған шатырлардың орнына уақытша шатыр төселеді. Қазбаның бас консерваторы доктор Роберта Приско күні бойы жаңадан тазартылған арканың құлап кетпеуіне көз жеткізіп, оның қирап кетпеуі үшін барынша тырысып бағып жатыр.

Фото: BBC / Археолог Роберта Приско

"Жауапкершілік өте үлкен! Менің қандай болғанымды қараңызшы", – деді ол. 

Археолог қазба жұмыстары кезінде біраз күйзеліске түскенін айтты.

"Бірақ біз жұмысымызға үлкен сүйіспеншілікпен қараймыз. Әр ашқан жаңалығымыз бізден кейінгі ұрпаққа мұра болып қалады және қуаныш әкеледі деп ойлаймын", – деп толықтырды Роберта.

Археологтар "9-аймақтың" қандай күйде болғанын әлі нақты айта алмай отыр. XIX ғасырдың аяғында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде кір жуатын орын анықталған. Сонымен қатар олар жұмыс кезінде жақын маңдағы наубайхананы және керемет "қараңғы бөлмесі" бар бай адамның резиденциясын тапқан. 

Фото: BBC / наубайхана мен кір жуатын орын

Ғалымдар кір жуу орны, наубайхана және резиденцияның ортақ су құбыры бар біртұтас кешен болғанына сенімді. Бөлмелердің әрқайсысы өткелдер арқылы біріктірілген және бәрі бір иесіне тиесілі. Мұны "ARV" бас әріптері бар жиі жазулар көрсетеді. Бұл әріптер қабырғаларда, тіпті, наубайханадан табылған диірмен тастарында да кездеседі.

Помпей саябағының археологы доктор Софи Хей "ARV" бас әріптері Авлус Рустиус Верусқа тиесілі екенін айтты.

"Бұған дейін бұл орыннан үй иесінің саясаткер болғанын анықтайтын жазбалар таптық. Сірә, сол наубайхана мен кір жуатын жердің қожайыны болса керек", – деп түсіндірді ол.

Фото: BBC /  үйінді астынан табылған жәдігерлер

Дегенмен жанартау атқылау кезінде үш учаскеде де қандай да бір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны даусыз. Себебі апаттан қашқан жұмысшылар ұқыпты бүктелген тақтайшаларды, әктас ерітіндісі толтырылған кәстролдерді тастап кеткен. Алайда аспаптардың ағаш тұтқалары әлдеқашан жойылып кеткен.

Талқылау