Плагиат жасады деп айыптаған вице-министр қызметінен босатылады
Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Фатима Жақыпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылады.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі Жақыпованы қызметінен босату туралы мәселе бойынша, басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазіргі уақытта аталған лауазымды қызметінен босату туралы келісу процедурасы жүріп жатқандығын хабарлаймыз», - деп жазды Ерболат Мұхамеджан Facebook парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрлігі әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Анар Қайырбекова білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың жұмысындағы плагиат сынағы бойынша диссертацияның тек 40 пайызы ғана түпнұсқа екенін айтқан болатын.