Петропавлда сырғанаққа барған бойжеткен жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Петропавлда қыз төбеден сырғанап түскеннен кейін жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға спортшыларға арналған шаңғы-роллер трассасы орналасқан Борка ауылында болды.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бойжеткеннің облыстық көпбейінді аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді. Жағдайы ауыр.
Әлеуметтік желілерде желі қолданушылары қыздың тюбингке отырып, төмен қарай құлдилап келе жатқанда ағашқа соғылғанын жазған.
Айта кетейік, биыл Борка ауылындағы төбешіктер Петропавл тұрғындары арасында танымалдыққа ие. Коронавирустың таралуына байланысты аймақта сырғанақтар мен мұз айдындарының құрылысы тоқтатылды. Сондықтан тұрғындар кәдімгі төбешіктерде немесе ауладағы балаларға арналған темір сырғанақта сырғанап жүр.
Осы жағдайдан кейін Боркадағы сырғанақ жабылды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар