Петропавлда ер азамат екі баласымен бірге өртеніп кетті
Петропавлда үйде өрт шығып, 32 жастағы азамат екі баласымен бірге опат болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға түнгі сағат үш шамасында орын алған. Өрт шыққаны жайлы хабар құтқарушыларға кеш келіп түсіпті. Өрт сөндірушілер жалын шарпыған үйге жеткенше, баспананың түгі қалмай жанып кеткен. Куәгерлер үйде үш адам - екі бала мен бір ересек шығып үлгермей қалып қойғанын айтыпты. Жалпы өртті ауыздықтауға 20 адам мен 6 техника бірлігі жұмылдырылыпты. Қазір алаудың тұтану себебі анықталуда.
"Көз жқмған азаматтың жары үйде болмаған. Өрт сөндірушілер келген кезде үйдің қасында жүрген. Үйде болмағаны қазір тергеу тобымен анықталып жатыр", -деді СҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Атығаев.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады