Петропавлда бір отбасының үш бірдей мүшесін өлтіріп кеткен
Петропавлдағы Рабочий шағын ауданында бір отбасының үш бірдей адамын өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бейресми мәліметке сәйкес, 28 желтоқсанда үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылған: ер адам, әйелі және олардың кәмелетке толмаған ұлы.
Жанұяның жерлеу қызметіне байланысты кәсіптері болғаны айтылады.
- 2024 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді
- 2024 жылы жәрдемақылар мен зейнетақы қаншалықты өседі
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жан түршігерлік қылмысқа күдіктілердің жылдам ұсталғанын хабарлады.
“Полицейлер жедел түрде Петропавл қаласының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Аталған факті "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінде.
Талқылау

Қоғам белсендісі Алматы көшелеріне төселген брусчатканың жеке қолға сатылып жатқанын әшкереледі: Алайда әкімдік олардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтып отыр
Санжар Боқаевтың айтуынша, әкелінген брусчатка мүлде бүлінбеген, тіпті жаңа күйінде болған

"Қайыққа міну құны 15 мың, сайтта 5 мың теңге": Көлсай көлдерінде қызмет құны неге ресми бағадан жоғары
Министрлік Көлсайда көрсетілетін қызметтің бағаларын реттемейді екен